Еңбек ақыны есептеу аутсорсингі

Біздің сарапшылар сіздің бизнесіңізді барынша нәтижелі етуге көмектеседі. Күшіңізді стратегиялық маңызды бизнес-мәселелерге жұмылдырыңыз, ал еңбек ақыны есептеу секілді екінші кезектегі мәселеге біз жауап береміз.

 

"Businessman

Бизнес жүргізудің әлемдік тәжірибесінде еңбек ақыны есептеу аутсорсингі жарты ғасырдан аса уақыт бойы ұйымның ішкі есептеу жұмыстарын оңтайландыру, есептеу функцияларының сапасын арттыру, тура және жанама шығындарды азайту, құпиялық деңгейін көтерудің ең тиімді әдістері ретінде тұрақты орын алып отыр. UCMS Group халықаралық компаниясы еңбек ақыны есептеу аумағында 20 жылдан аса табысты тәжірибеге ие, ай сайын Еуропа мен ТМД елдеріндегі 800-ден аса компанияға он мыңдаған есептеу жұмыстарын орындайды. Біз еңбек ақыны есептеуге қатысты процестерді, соның ішінде, қызметкерге төлемақы, мемлекеттік қорға бөлу, міндетті есеп беруді ұсыну және т.б. бойынша жұмыстарды толықтай өзімізге алуға дайынбыз.

Еңбек ақыны есептеу қызметінің стандартты пакетінемыналар кіреді:

  • Еңбек ақыны, салық және жарнаны есептеу
  • Уақытша еңбекке қабілетсіздік қағазы бойынша төлемақы, демалысты төлеу, жұмыстан шыққан жағдайда қолданылмаған демалысты төлеу, сонымен қатар, қызметтен босағанда алатын жәрдемақыны есептеу
  • Еңбек шартына, еңбекақыны төлеу Ережесі мен басқа да ішкі құжаттарға сәйкес қызметкерге тиесілі төлемақыны есептеу
  • Жеке тұлғамен келісілген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша сыйақыны есептеу
  • Еңбекақы төлемі бойынша мемлекеттік және салықты есеп берудің міндетті түрлерін дайындау
  • Жеке есеп айырысу қағазын дайындау (электрондық немесе қағаз нұсқа)
  • Кост-орталық бойынша топталған есеп айырысу тізімдемесі
  • Демалысты төлеу, қолданылмаған демалысқа өтемақы, еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша төлемдерге есеп беру
  • Кост-орталық және басқа да аналитикалық сипаттар бойынша басқарушылық есеп беру
  • Қорлар мен салық инспекциясына тоқсан сайын және жыл сайын есеп беру
  • Төлеу құжаттарын дайындау

.

Еңбек ақыны есептеу жұмысын аутсорсингке жібере отырып, сіз бірқатар тиімділік пен артықшылыққа ие боласыз:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толықтай жауап беретін еңбекақыны қатесіз және уақытылы есептеу
  • Күрделі жүктемелер кезінде ішкі қаржы қызметінің жұмыс тұрақтылығы
  • Еңбек және уақытша ресурстарды бірінші кезектегі стратегиялық тапсырмаларды шешуге тоғыстыру мүмкіндігі
  • Қызметкерлердің еңбек ақысы туралы деректердің құпиялығының жоғарғы деңгейі
  • Қызметкерлер саны өзгерген жағдайда, есептеу жұмысы жүріп жатқан қызмет бағасын жедел түзету мүмкіндігі
  • UCMS Group жинақтаған еңбек ақыны есептеу аумағындағы алдыңғы сараптамалар мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі.

Біз сіздің бизнесіңіз үшін тиімді еңбекақы шешімдерін таңдауға қуана кеңес береміз және сіздің компанияңыздың алдында тұрған тапсырмаларды сәтті аяқтау үшін қажетті кез-келген қосымша қызметтерді талқылаймыз.

 

Өтінішті бүгін қалдырыңыз және біздің менеджерлер Сізге аз уақыт ішінде хабарласады!