Жалпы Қызмет көрсету Орталықтары

Жалпы Қызмет көрсету Орталықтары

"Businessman

Зерттеулерге сәйкес, 10 халықаралық компанияның  8-і тиімділікті арттыру мақсатында қаржы және бухгалтерлік есепке байланысты процестерді , адами және материалдық ресурстарды барынша рационалды қолдану, еңбек ақысына шығындарды оптимизациялау, штатты бөлімшелердің функцияларын нақты өзара бөлу және т.б. жүзеге асыру арқасында ЖҚО немесе аутсорсингке беру тәжірибесін пайдаланады.

ЖҚО құру кезеңдері

Стратегия. Бұл кезеңде UCMS Group мамандары Клиентпен бірге жобаның мақсатын, бюджетін белгілейді, ЖҚО шығарылатын бизнес-процестер тізімін анықтайды, қүнделікті қаржы және бухгалтерлік процестердің анализін жүргізеді.

Дайындау. Бұл өңдеу кезеңінде жобалы топ құрылады, көрсетілетін қызметтердің нақты жиыны келісіледі, қызмет көрсету деңгейі, жауапкершілікті бөлісу; есептеу жүйесі таңдалады, болашақ ЖҚО-мен өзара қарым-қатынас пен басқару тәсмі жобаланады, іске асыру үшін жаңадан қажетті  корпоративті жұмыстар мен саясат жазылады.

Ауысу / трансформация. Берілген кезеңде ЖҚО-ға процестердің белгіленген тәртіппен көшірілуі, қызметкерлерге нұсқама берілуі  және оқытылуы, барлық функциялардың жаңа ЖҚО-ға толық өтуі үшін процестердің ретке келтірілуі  және тесттен өткізілуі  жүзеге асады.

Жетілдіру. ЖҚО алғашқы жұмыс нәтижелері талқыланып, қажетті түзетулер енгізіледі, ЖҚО өнімділігін арттыру үшін 1-3 жыл алға жоспар құрылады.

UCMS Groupпен бірге тиімді ЖҚО

UCMS Group компаниясының қаржы және кадрлі процестерді басқару мен оңтайландыру саласындағы тәжірибесі 20 жылдан  аса уақытты құрайды. Бізбен бірге Сіз қызметтердің жауапты провайдерін ғана емес, сонымен қатар, бизнесіңіздің жетістігіне мүдделі сенімді серіктеске ие боласыз.

ЖҚО ұйымы бойынша UCMS Group қызметін қолданудың артықшылықтары:

  • ЖҚО жобалау мен іске қосудың барынша тез процесі
  • Жобаны құрастыру мен жүзеге асыруға кеткен шығындар мен инвестицияның оңтайлы мөлшері
  • ЖҚО жылдам кеңейту — қажет кезінде жаңа қызметті қосыңыз
  • UCMS Group мамандары қаржы және кадрлі процестерді басқару саласындағы заңнаманы толық біледі және ондағы өзгерістерді әрдайым қадағалап отырады
  • Компанияларға қызмет көрсету саласында біздің ғаламдық деңгейде үлкен мүмкіндіктеріміз бар, соның арқасында біз ЖҚО әр-түрлі елдерде жоба жасап , қызмет көрсетеміз, өзара қарым-қатынастың шоғырланған тізбегін құрып, кросс-мәдени кедергілерден оңай өтее аламыз.
  • Жылдар бойы жиналған есеп процесі саласындағы тәжірибеміз бен алдыңғы қатарлы сараптамаларға қол жеткізу мүмкіндігі
  • Біздің кәсіби жауапкершілігіміз сақтандырумен төленеді – бұл Клиент құқығын қорғаудың қосымша кепілдігі

Өтініш қалдырыңыз және біздің менеджерлер Сізге UCMS Group технологиялары мен мүмкіндіктері негізінде  ЖҚО құрудың тиімділігін бағалауға қуана көмектеседі.

Наши кейсы