Бухгалтерлік есеп аутсорсингі

Бухгалтерлік есеп аутсорсингі

iStock_000015889548XSmallUCMS Group бухгалтерлік қызмет көрсету саласында белгілі халықаралық сарапшы болып табылады. Біздің көп жылдық тәжірибеміз, алдыңғы қатар технологиялар мен іс-тәжірибелерді қолдануымыз ұлтаралық корпорациялардан бастап шағын жергілікті өнеркәсіптерге дейін әр-түрлі көлемдегі компанияларда кез-келген қиындықтағы бухгалтерлік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. –.

Біз бухгалтерлік есептің дұрыстығына, Қазақстан Республикасының заңнамасына толықтай сәйкес етіп міндетті есеп беруді уақытылы тапсыруға, Клиенттің деректерімен жұмыс жасағанда құпиялылықтың қатаң тәртібін сақтауға кепілдік береміз.

Біздің қызметтеріміз кәсіби жауапты сақтандырумен өтеледі, яғни,  Клиенттеріміз сақтанудың қосымша кепілдігіне ие болады..

Біз Сіздің бухгалтерияңыздың тұтасы немесе оның жеке бөліктерімен жұмыс жүргізе аламыз.

Бухгалтерлік есеп бойынша қызметтер

UCMS Group Сіздің бухгалтерлік есебіңіздің тұтасына немесе бастапқы құжатарды жинақтау, тексеру, жауап дайындау әрі беру,  мемлекеттік органдар тарапынан тексеріс кезеңінде қолдау көрсету және т.б. қызметтерді көрсету арқылы оның жеке бөліктеріне қамқор бола алады.

Біз әр-түрлі ұйымдық-құқықтық нысандары бар мекемелермен жұмыс жасаймыз: ЖШС, АҚ, ЖАҚ және т.б.

Қызметтердің стандартты пакетіне мыналар кіреді:

  • Операциялардың бухгалтерлік және салық есебінің шоттарында көрсетілуі
  • Банктік және кассалық операцияларды есептеу және жүргізу
  • Негізгі қаражаттарды есептеу
  • Алғытөлемдік есеп беруді өңдеу
  • Жеткізушілер мен Клиенттермен есептесу
  • Бухгалтерлік есепті тексеру және қалпына келтіру
  • Есеп беру кезеңін жабу
  • Барлық міндетті есеп берулер мен декларацияларды мемлекеттік органдарға дайындау және тапсыру
  • Басқарушылық және халықаралық есептерді дайындау

Егер Сіз қызметтер пакетін кеңейткіңіз келсе, біз бұны қуана талқылаймыз.

Салық есебі

UCMS Group тоқсан сайынғы және жылдық салық есеп беру мен салықты декларацияларды толтыру бойынша толық қызметтер қатарын, салық есебінің шот теңгерімін, ішкі басқарушылық есеп беру мен аналитиканы дайындау арқылы компанияларға салық есебінің нәтижелілігін арттыруға көмектеседі.
Сіздің корпоративтік қажеттілігіңізге байланысты  бухгалтерияңызды тұтасымен немесе көмек қажет болып тұрған жұмыстың кез-келген бөлігін (мысалға, кассалық-есеп операцияларын жүргізу) таңдап тапсыруыңызға болады,.

Бас бухгалтердің функциясы

Компаниядағы бас бухгалтер қызметі аса маңызды әрі жауапты. Көбінесе бизнестің қауіпсіздігі, компанияның материалдық ресурстары,  қаржы саласының Қазақстан Республикасы заңнамасындағы талаптарға сәйкес болуыбас бухгалтердің біліктілігі мен  кәсібилігіне байланысты болады. Лайықты  үміткерді таңдап алу компания үшін оңай мәселе емес.

UCMS Group сіздің компанияңызға бас бухгалтер ретінде өз  мамандарын ұсына алады немесе штаттық қызметке үміткер таңдауға көмек көрсете алады.

Басқарушылық есеп беру

Клиенттің өтініші бойынша біз тапсырыс берушілердің ішкі корпоративтік саясатына сәйкес, соның ішінде, МСФО стандарты бойынша басқарушылық есеп беруді дайындап береміз.

Салмақты әрі тиімді шешім қабылдауыңыз үшін  біздің мамандарымыз сізді уақытылы, және сапалы аналитикамен қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есеп аутсорсингінің артықшылықтары

Бухгалтерлік есеп саласында UCMS Group аутсорсинг қызметін қолдана отырып, Клиент келесідей артықшылықтарға ие болады:

  • Есеп жүргізудің дұрыстығына кепілдеме
  • Есеп беруді уақытылы тапсыру
  • Қызмет көрсетудің үздіксіздігі
  • Клиенттің бизнес саласындағы есеп беру ерекшелігін білу
  • Деректер құпиялылығының деңгейін арттыру
  • Мемлекеттік тексеріс пен аудит өту кезінде кеңес беру
  • Көп деңгейлі қорғанышы бар сенімді дата-орталықта деректерді сақтау
Наши кейсы