News

UCMS Group компаниясы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында бөлімшесінің ашылғанын хабарлайды

26 февраля 2016
Back

Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде қаржы және кадрлі процестер аутсорсингі қызметі саласында жетекші маман – UCMS Group Қазақстан Республикасында бөлімшесінің ашылғандығын хабарлайды.

UCMS Group жаңа бөлімінің негізгі мақсаты Қазақстандағы есеп функциясы аутсорсинг қызметіне түсіп жатқан сұраныстарды қанағаттандыру, халықаралық компанияларға ғаламдық қызмет көрсету бойынша UCMS Group мүмкіндігін арттыру және Қазақстан Республикасындағы есептеу функциясының аутсорсингі нарығында жетекші орынға шығу.

UCMS Group бас директоры Светлана Кисельчук былай дейді: «Біздің компания жылдам дамып келеді, біз жаңа нарыққа шығудың мүмкіндіктерін үнемі іздеу үстіндеміз. Қазақстанда бизнесіміздің болашағы зор екендігін  көріп отырмыз: бұл ел жоғары дамыған іскерлік инфрақұрылымға ие, мұнда әлемге әйгілі көптеген шетел компаниялары жұмыс істейді, жергілікті ірі әрі орта бизнес дамуда, осылардың барлығы есептеу функциясы аутсорсинг қызметіне жоғары сұранысты қамтамасыз ететіні айдан анық.. Біз аутсорсингтің қазақстандық нарықта жетекші орынға ие болуы үшін ең үздік тәжірибелерімізді қолданамыз».

ТМД UCMS Group сату бойынша директоры Сергей Кессель: «Біздің клиенттеріміздің басым бөлігі әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін  ірі халықаралық компанияларға тиесілі. Бөлімшенің Алматыда ашылуы біздің қызмет көрсету мүмкіндіктерімізді Қазақстан Республикасымен қатар, бүтіндей орталық-азиялық бағытта да кеңейтеді. Біз, сонымен қоса, қазақстандық бизнестің ішкі есептеу процестерін оптимизациялау бойынша алдыңғы шешімдерді қолдануға да қызығушылығыңың артуын атап өткіміз келеді. Қазақстандық бағытта біздің команданың жетістігіне сенімдімін!»,- деп атап өтті.

UCMS Group Kazakhstan директоры болып Әсел Келденбаева тағайындалды, ірі компанияларда жоғары лауазымдағы, қаржы және бухгалтерлік есеп менеджмент саласында бірнеше жыл тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі маман. Ә.Кельденбаева атап өткендей, «азіргі деңгейде құқық  аутсорсингі ішкі есептеу функцияларын оңтайландырудың алғашқы құралдарының бірі болып табылады. Қаржы және кадрлі функцияларды басқару саласында UCMS Group ғаламдық сараптамасы, сөзсіз, Қазақстан нарығында да талапқа ие және бизнес жүргізіп жатқан көптеген компанияларға өзінің тиімділігін едәуір арттыруда мүмкіндік береді».

Наши кейсы