UCMS Group Kazakhstan

UCMS Group Kazakhstan еңбек ақыны есептеу, кадрлі іс қағаздар жүргізу, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп бойынша қызметтер көрсетеді.

UCMS Group Kazakhstan Ресейде және Украинадағыөкілдерімен бірге, көптеген өңірлік серіктестер желісімен UCMS Group халықаралық  тобының бөлігі болып келеді. Біз еңбек ақыны есептеу, кадрлі іс қағаздар жүргізу және бухгалтерлік есеп саласында жоғары сапалы сертификатталған қызметтер көрсете отырып, ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа нарығында 20 жылдан астам тәжірибеге ие есептеу функцияларының аутсорсингі саласында белгілі мамандар болып табыламыз.

Біздің Клиенттер

UCMS Group қызметтерін халықаралық компаниялармен қатар, жергілікті ірі және орта бизнес иелері де қолданады. Клиенттеріміздің бизнесінің кең ауқымдылығы арқасында біз фармацевтика, химиялық және тағамдық өнеркәсіп, өндіріс, ритейл, қаржы қызметтері, ИТ, автокөлік құралдары секілді т.б. салаларда есептеу функциясы бойынша терең біліктілікке иеміз.

UCMS Group қызметтерінің сапасы жоғары екендігін бірінші кезекте  Клиенттеріміздің біздің қызметтерімізді өз серіктестері мен басқа да компанияларға ұсынуға дайын екендігінен көруге болады. Біз ISO 9001:2008 менеджмент сапасын бақылау жүйесі аясында өткізілетін Клиенттердің қанағаттануын зерттеу нәтижелері бойынша үнемі жоғары баға алып отырамыз.

Тиімді менеджмент

UCMS Group барлық елдегі бөлімдері жоғары кәсіби тәжжірибесі бар топ-менеджерлердің желілі командасымен басқарылады. Шешімдер жылдам, нақты және басты кеңсенің керексіз келісімінсіз қабылданады.

Біз қызметіміздің Клиентке барынша түсінікті және айқын болуына талпынамыз, кез-келген уақытта жедел сұрақтарды шешуге қосылуға дайынбыз, Клиентпен ұзақ әрі нағыз серіктестік қатынас құруға ұмтыламыз.

Себебі Клиентіміздің жетістігі – біздің де жетістігіміз!

Услуги по расчету заработной платы, ведение кадрового делопроизводства, услуги по бухгалтерскому учету

Деректер

2016 жылы ақпан айы деректері (UCMS Group)

  • 28 елде 829 клиент
  • 423 қызметкер
  • Ай сайын есептегенде 103 901 адам
  • Өзінің жұмысында HR-порталын қолданатын 36 599 тұтынушы